«Костал Ассистант» кемесі Баутинодан Әзербайжан портына бағыт алған еді. Ауа-райының нашарлауына байланысты Баутино шығанағына қайта оралу жөнінде шешім қабылданады. Алайда қайтып келе жатқанда кемені су алып, оң жақ бортқа батып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
«Кемені құтқару үшін буксирлер мен сүңгуір бригадасы келіп, тексеру жүргізді. 17 қараша күні сағат 02:00-де кеме қайта суға шығарылып, «САГА АТАШ» ЖШС аумағына сүйреп апарылды. Қазіргі уақытта әлгі кеме айлақ қабырғасына бекітілді», - деді Қазақстан Республикасы порттары теңіз әкімшілігінің басшысы Нұрбол Ерманов.
Бірақ су бетінде май пайда болды. Мұнай қалдықтарының таралуын болдырмас үшін кемені штангалармен қоршау туралы шешім қабылданды. Енді порт кемені құтқару мақсатында одан әрі шаралар қабылдау үшін ауа-райының жақсаруын күтуде.