Жаңаөзен қаласындағы “ӨзенЖылу”, “Өзенэнергосервис”, “Өзенинвест” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының материалдық базасы және техникалық автопаркі жаңартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Айбек Қосуақов іргелес ауылдарды сумен, жылумен және энергиямен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз қызмет етуі үшін және авариялық жағдайлардың алдын алу мақсатында 11 арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстады.
Сонымен қатар "Өзенэнергосервис" МКК ТМ -400 630/6/0,4 кв.трансформатормен, кабельдермен толықты. Трансформатор қаладағы бірнеше шағынаудандарда, ал, "Арай" шағын ауданына кернеулер орнатылатын болады. Сондай-ақ "Өзенжылу" кәсіпорынның теңгеріміндегі автокөліктердің 90% ескіргені назарға алынып мекеме арнайы техникалармен қамтамасыз етілген көрінеді.
«Өзенэнергосервис» мекемесіне 6 техника, «Өзенжылу» кәсіпорнына 10 сорғы, 14 жылу қазандығы, 5 техника берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 техникамен толығады. Сонымен қатар, бөлінген қаржыға жылу жүйелерін жаңарту үшін әртүрлі құбырлар алынған.