Ақтау қаласының аумағында пилоттық жүйеде жаңа 2 маршрут іске қосылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс орталы аумағында қосымша маршруттармен қамту мақсатында қараша айының ортасынан бастап жаңадан №1 және №9 маршруттары пилоттық нұсқада жүзеге аспақ.
«№9 маршрут 29а шағы ауданындағы «Сенім» емханасынан бастап Приморский тұрғын-үй массивіндегі №2018 әскери бөлімшесіне дейін жүреді. Ал №1 маршрут бағыты «Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығынан» Приморский тұрғын-үй массиві №2018 әскери бөлімшесіне дейін қатынай̆ды, - дей̆ді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары.
Сондай-ақ, 15 қарашадан бастап №8 маршруты бойынша 4 жаңа автобус қызмет көрсетуді бастады.