Маңғыстаулықтар жыл басынан мемлекеттік корпорация арқылы 667 524 қызмет алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, мамандандырылған ХҚКО-ларда 185 815 қызмет, «Өзіне-өзі қызмет көрсету» секторларына жүгіну арқылы екі миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал Қазақстан бойынша ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО - ларда барлығы 31 миллион қызмет алынған.
Айта кетсек, алғашқы үштікке ЭЦҚ алу, көлік құралдарын тіркеу және жеке куәліктер мен төлқұжаттар алу қызметі кіреді.
- Біз үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы ғана емес, сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін сервистерді де дамыту маңызды. Қазақстандықтар үшін біз мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырған бірқатар инновациялық шешімдерді енгіздік. Мәселен, "ХҚКО" мобильді қосымшасының функционалы артты. Олар арқылы биыл 300 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Келер жылы мемлекеттік корпорация процестерді автоматтандыруды жалғастырады. Бұл ашықтықты, азаматтар мен бизнес үшін кедергілердің жойылуын, деректердің қауіпсіздігін және нәтижесінде азаматтардың мемлекетке деген сенімінің артуын қамтамасыз етеді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Мемлекеттік корпорация үшін жылдың ең маңызды жаңалықтары: «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесінің енгізілуі, АХАТ функцияларының "Азаматтарға арналған үкіметке" берілуі болды. Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-ларда ЖЖЕ 3.0 жүйесін ,яғни жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырудың бақылау деңгейі жоғары жаңа жүйесін енгізді.