Маңғыстаулық дизайнер Нұржамал Нұрпейісова Fashion week haute couture Paris 2024 жоғары сән апталығына қатысты. Онда шетелдіктерге әйгілі «Нұр-Шах» брендінің қазақы нақыштағы киімдері көрсетілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
La Galerie Bourbon Эйфель мұнарасының жанында орналасқан. Нұржамал Нұрпейісова instagram парақшасында өз пікірімен бөлісті.
- Алайқай, біз Парижге жеттік. Бұл шараға алғаш қатысуымыз. Біз туралы madame Figaro Paris, Elle, Хабар KZ жаңалықтарында және Vogue, L’officiel, Marie Claire, HARPER’S Bazar және баспасөз бетінде жарияланды. Бізді қолдаған жандарға мың алғыс! -деді дизайнер.