© ranking.kz
Қазақстанда түнгі шуға байланысты тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық көбейген. Шағым 2023 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Қаңтар–қарашада ҚР құқық қорғау органдары 87,3 мың осындай құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ranking.kz сайтына сілтеп.
Қазақстандықтардың жөндеу жұмыстарын жиілетті ме, әлде түнде тойлауды көбейтті ме, анықтау бағалау қиын. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті жариялаған статистикасынан тұрғындар көршілеріне жиі шағымдана бастағанын көруге болады.
Құқық бұзушылықтың 99,2%-ы уәкілетті органда (Ішкі істер министрлігінде) дереу қаралып, құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады. Мұндай істердің тек 0,01%-ы ғана сотқа жетеді. Мәселен, былтыр 11 айда тіркелген. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы «Тыныштықты бұзу» бойынша тіркелген 87,3 мың құқық бұзушылықтың 9-ы ғана сотта қаралды.
Барлық жауапкершілікке тартылғандардың негізгі бөлігін (99,9%) жеке тұлғалар құрайды, олар: айқайлап ұрыссатындар немесе түнде жөндеу жұмыстарын жасайтын көршілер. Көпқабатты үйлерде орналасқан және түнгі дискотека ұйымдастыратын түрлі дәмхана, мейрамхана, барлардың қожайындарына онша шағымдана бермейді: 11 айда Қазақстан бойынша мұндай небәрі 100 шағым түскен.
Астананы елдегі «ең шулы» (дәлірек айтсақ, шуға ең сезімтал) қала деп санауға болады. Бір жылдан аз уақыт ішінде 17 мыңға жуық астаналық шуға шағымданды, бұл елдегі әрбір бесінші шағым. Екінші орында республиканың тағы бір ірі мегаполисі — Алматы. Мұнда тыныштықты бұзғаны туралы құқық қорғау органдарының сенім телефонына шамамен 11,5 мың рет қоңырау шалынған. Қарағанды облысы да «мазасыз» өңірлердің үштігіне енді, онда 7,1 мың шағым тіркелген. Ал бесінші орынға Маңғыстау облысы жайғасты.
Тыныштықты бұзу әкімшілік құқық бұзушылық, ол үшін айыппұл салынады. Бірінші шағым бойынша жеке тұлға бюджетке 5 АЕК төлеуі керек (2023 жылы — 17,3 мың теңге), қайталап бұзғаны үшін айыппұл екі есе көп (былтыр шамамен 35 мың теңге). Заңды тұлғалар бірінші шағым үшін 20-дан 100 АЕК-ке дейін (69 мыңнан 345 мың теңгеге дейін), екінші шағым үшін 40-тан 150 АЕК-ке дейін (138 мыңнан 517,5 мың теңгеге дейін), 2023 жылдың деректері бойынша.
Бірақ бұнымен іс бітпейді. Егер шағымданушы азаматтық талап қойып, сотта көршілерінің түнде шулауы мигреньге, қан қысымының көтерілуіне немесе ұйқысыздыққа әкелгенін дәлелдесе, оған емделуге және моральдық шығынды төлеуге де тура келуі мүмкін.