Бүгін Астана қаласында “Amanat” партиясының кезектен тыс XXV съезі өтіп жатыр. Съезде “Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партиялық тізім мен бірмандатты округ бойынша Мәжіліс депутаттығына ұсынылған кандидаттардың тізімін оқыды.
ҚР Мәжілісі депутаттығына “Amanat” партиясының партиялық тізімі бойынша маңғыстаулық азаматтар Уайс Ерсайынұлы, Аят Сүгірбай, Самат Мұсабаев ұсынылды. Ал Еділ Жаңбыршин осы партия атынан Маңғыстау облыстық округінен бірмандатты сайлау округі бойынша Мәжіліске қайта сайлауға түспек.