Ер азамат есін жиғанымен аяқ-қолын қозғалта алмайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Думан Мырзабеков мәлімдеді.
- Науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Отадан кейінгі кезең бірқалыпты өтті. Ер адам есін біледі, сөйлеседі. Есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Невралгиялық ахуалы өзгеріссіз.Аяқ-қолын қозғалта алмайды, - деді Думан Мырзабеков.
Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары науқасқа күрделі ота жасаған еді. Бүгінгі таңда науқас жансақтау бөлімінде тиісті терапияны алып жатыр.
- Он жылдық тәжірибемде мен мұндай жағдайға алғаш рет бетпе-бет келіп отырмын. Болашақтағы науқастың ахуалы жөнінде қандай да бір болжам айту қиын. Өткен жылы екі науқастың дәл осындай отадан кейін беті бері қарады. Олар да аяқ-қолының қозғалыс қабілетінен айырылған еді. Отадан кейін жағдайы жақсарып, орнынан тұрып, өздігінен жүру мүмкіндігіне ие болды, аяғына тұрып кеткен еді, - деді Думан Мырзабеков.