Облыс ТЖД мәліметінше өңір аумағында 15 жатақхана бар. Барлық жатақхана бағалау критерийлеріне сәйкес қауіпсіз, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға байланысты жоспардан тыс жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокуратураның тапсырмасы бойынша ғана тексереді.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық қорғау органдары жатақханаларды пайдалануға қандай да бір рұқсат бермейді. Алайда, Департамент 13-17 қараша аралығында облыс аумағында "ЖАТАҚХАНА" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, оның барысында барлық жатақханаға профилактикалық жұмыс жүргізілді. Профилактикалық іс-шара барысында жатақханалардың иелері мен қонақтарына жадынамалар тапсыра отырып, өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша ұсыныс берілді, - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.