Бейнеу ауданының тұрғындары ҚазГӨЗ беретін сұйытылған газдың ай сайынғы лимиті жетпейтініне шағымданып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бейнеу ауданының 30 автогаз құю стансасына айына 1275 тонна сұйытылған газ беріледі. Жоспар бойынша бұл көлем ауданда тіркелген 6000-ға жуық автомобильге жетуі тиіс. Алайда, әр айдың соңғы күндерінде газдың тапшылығы байқалады.
Тұрғындар Бейнеу ауданынан жанармай құятын Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларына, Өзбекстанға баратын транзиттік көліктер көгілдір отынның тапшылығын тудырып отыр деп санайды. Сөздерінше Бейнеу ауданының үстінен тәулігіне 300-ге жуық көлік өтеді.
Ал Бейнеу ауданының әкімдігі ертең автогаз құю стансаларына алғашқы 80 тонна сұйытылған газ жеткізілетінін хабарлады.