«Шанс» қорына екі кәсіпкер үй жануарлары үшін жер учаскесін сатып алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Құны 18,5 млн теңге болатын учаске панажайдың орналасқан жерінен сәл алысырақ орналасқан.
- Жер учаскесін біз үшін екі кәсіпкер сатып алып берді. Біз қаражат жинауды жалғастырамыз және оларға қарыздың толық сомасын бергеннен кейін жер учаскесі қор атына қайта ресімделеді. 1 гектар жерде жақсы қоршау, шатыр және екі қабатты ғимарат бар. Ақтау әкімдігі газ бен жарық желісін жүргізуге уәде берді. Біз өте қуаныштымыз. Бізге көмектескен облыстың барлық қамқор тұрғындарына рахмет, - деді «Шанс» қорының басшысы Ирина Болатова.