Бүгін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Бағдарлама басында келушілерге төтенше жағдай қызметінің құрылғылары, жұмыс барысы, кинологтар қызметі таныстырылды.
Салтанатты шараға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Александр Алексеевтің төрағалығымен 300-ден астам адам қатысты.
Айта кетейік, халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі, ол жыл сайын белгілі бір ұранмен атап өтіледі.
Биыл «Тәуекелді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» атты тақырыппен өтуде. Іс-шара барысында келушілер концерттік бағдарламаны тамашалады.
Соңынан, төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен оқушыларға, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдардың мамандарына алғыс хаттар табыс етіліп, сондай-ақ азаматтық қорғаныс күніне орай “үздік мектеп», «үздік сурет» және «үздік шығарма» номинациясы табысталды.