© azh.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдарындағы жемқорлықтың жолын кесуге ерекше назар аударады. Мамыр айында бірқатар ішкі істер органдарының басшылары сотталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Ақтау қалалық соты облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасарын 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға соттады, ол ел аумағында болған кезде жалпы қамқорлығы үшін шетелдіктен 3 млн теңге көлемінде пара алған”, деп жазылған хабарламада.
Барлық сотталған адамдар арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.