© ашық дереккөзден алынды
Қарақия аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен Түркия Республикасының азаматы Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Сотта Түркия Республикасының азаматы Е.-ның Қазақстан Республикасының аумағына 02.04.2024 жылы келіп, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын қасақана бұзғаны анықталды», деп жазылған хабарламада.
Сот қаулысымен Е. ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 92 300 теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген.