Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен өңірдің барлық аудандары мен қалаларында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары:
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізу бойынша тегін сервистік қызметтер,
- Электрондық сатып алу бойынша қызметтер,
- бизнес-жоспарлар құру,
- кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың өтініштерін сүйемелдеу
- әртүрлі заң қызметтерін көрсету.
2022 жылы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 1 640 қызмет көрсетті.
Оның жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге 246 жоба іске асырылған. Нәтижесінде 398 жұмыс орны құрылды.
Биылғы жылы 4575 қызмет көрсету, 686 жобаның бизнес-идеяларын ашу және кеңейту және өңірде 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.
Бұдан басқа, өңірдің кәсіпкерлері үшін электрондық сатып алу, салық және статистикалық есепті тапсыру, кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтар үшін құқықтық мәселелер және жер қатынастары бойынша жетекші мамандардан түрлі семинарлар қарастырылды. Оқу барысында қатысушы "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ, "NADLoC", "goszakup.gov.kz".
Толығырақ +7 (7292) 30-40-40 нөмірі бойынша Call-орталық.