Қазақстандық экстремал, велоспортшы Сәкен Қағаров өзінің инстаграм парақшасында Бозжыра тауынан велосипедтен құлап, жарақат алған бейнеролигін жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Бұл менің өмірімдегі ең бірінші осылай есімнен танып құлауым. Жобаны қолдаған барша жанға алғыс айтамын, бірақ жақын арада велосипедке отыра алмайтыным анық” - деп жазба қалдырған парақшасында.
Қазір велоспортшының жағдайы қалыпты. Оған тиісті дәрігерлік көмек көрсетіп, қазір ем қабылдауда. Алайда ол біраз уақытқа дейін велосипедпен қоштасуына тура келіп отыр.