Облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында діни уағыздаушылардың “ВКонтакте” желісі арқылы тыйым салынған теріс бағыттағы аудио-дәрістерді таратқандығы туралы дерек анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер 31 жастағы деструктивті діни ағымды ұстанатын азаматшаны анықтады. Теріс ағымды насихаттаған жергілікті тұрғын Әкімшілік кодекстің 453-бабы 2-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша жауапкершілікке тартылды.
Заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдану үшін хаттама әкімшілік сотқа жолданды. Сот шешімімен азаматшаға 14 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.