Белбеу күресінен 2002-2004 жылы туған жастар және қыздар арасында әлем чемпионаты өтті. Жарыста маңғыстаулық Маржан Каналиева әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ол 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алғашқы кездесуде Маңғолиядан келген палуанмен белдессе, екінші кездесуде Ресей палуанымен сынға түсті. Ал ақтық кездесуде қазақстандық палуаннан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Бапкері - Мелс Жүнісбаев.
Әлем чемпионаты 12 - 15 қазан күндері Астана қаласында өтті.