Мемлекет басшысы лауазымына үш үміткер болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» ҚР Президентінің 2015 жылғы 25 ақпандағы No 1018 Жарлығына сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Ал 2015 жылдың 14 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтіп, онда делегаттар кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасын бірауыздан қолдап дауыс берді. Бастаманы 2017 жылы президенттік және парламенттік сайлаудың бір уақытта өтетіндігімен түсіндірді, сондықтан оны әртүрлі уақытта өткізу қажет. ҚХА бастамасын түрлі саяси партиялар қолдап, кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы ұсыныспен президентке үндеу қабылдады.
Ал 25 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс сайлауды 2015 жылғы 26 сәуірге тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан президенттігіне кандидаттар ретінде Нұрсұлтан Назарбаев, Тұрғын Сыздықов және Әбілғази Құсайынов тіркелді.
Кезектен тыс сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 97,75 пайыз, Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов 1,61 пайыз, өзін-өзі ұсынған, кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов 0,64 пайыз дауыс жинады.