Маңғыстауда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар бөлініп жатыр. Әр кәсіпкерге 5 млн теңге грант беріледі. Грантқа үміткер ретінде 3 жылдан аспаған кәсіпкерлер қатыса алады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, грантты алу үшін кәсіпкер мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-дық мөлшерін қоса қаржыландыруы тиіс, яғни кәсіпкердің банк шотында қажетті қаражат көлемі болуы талап етіледі. Сондай-ақ жаңа жұмыс орнын құру үшін, бизнес-жобаны орындау үшін қажетті барлық инфрақұрылым құру көзделуі міндетті.
- Грантқа өтінім беру үшін жұмысшылар саны бойынша анықтама, банктегі шотыңызда грант сомасының 20% көлемінде қаражаттың болуын растайтын құжат, жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы анықтама қажет. Конкурстық комиссия отырысында жобаңызды қорғағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде комиссия мүшелері kezekte.kz вэб-порталында жеке кабинеттерінде дауыс береді. Дауыс беру қорытындысымен мүмкін болатын ең көп балл қосындысының 70%-ынан астамын жинасаңыз, жобаңыз мақұлданған болып есептеледі. Бизнес-жобаны іске асыру мерзімі - 18 ай, - деді Дастан Мұраталиев.
Маңғыстаулықтар аталған грант жайлы толық ақпаратты Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының ресми сайтынан https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upp?lang=kk біле алады.
Қосымша сұрақтар бойынша Call орталықтарына хабарласуға болады: 46-25-50 (Маңғыстау облысының сауда және кәсіпкерлік басқармасы)