
Биылғы жылдың мамыр айында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткіні заңсыз сақтау және сатумен айналысқан азаматты ұстады. Тінту кезінде ұсталған азаматтың пәтерінен Zip-Lock бекіткіші бар полимер пакеттер, ақ түсті ұнтақ заттар және қара изолентаға оралған психотроптық зат табылып, тәркіленді. Табылған есірткі заттарының барлығы да аса ірі көлемде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың «мефедрон» есірткі заты екені анықталды.
Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.