Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында өткен кезеңдерде төленбеген көлік салығы бойынша берешектің жалпы борыш сомасы 774 060 млн. теңге болатын 9249 азамат бар, оның ішінде 284 492 млн.теңге өсімпұлды құрайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жалпы республика бойынша 2024 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салынатын салық бойынша 539241 салық төлеушінің 16,3 млрд. теңге берешегі бар. Оның ішінде берешектің негізгі сомасы 14,9 млрд.теңге - көлік құралдарына салынатын салық.
Көлік құралдарына салынатын салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:
Алматы қ. – 26 мың борышкер бойынша берешек 3,5 млрд. теңгені құрайды;
Алматы облысы – 24 мың борышкер бойынша берешек 2,2 млрд. теңгені құрайды;
Астана қ. – 20 мың борышкер бойынша берешегі 1,6 млрд. теңгені құрайды.
Заңнамаға сәйкес сот орындаушылары банктік шоттар мен мүлікке тыйым салуға құқылы. Сондай–ақ, 40 АЕК–тен берешек сомасы кезінде ҚР–дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25% дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.
Осылайша, қажетсіз шығындар мен мәселелерді болдырмау үшін салықты уақытылы төлеу, салық берешегі болған жағдайда – жеке сот орындаушыларына өндіріп алуға салықтық бұйрық берілген сәтке дейін (мамыр айының үшінші онкүндігіне дейін) салық пен өсімпұл төленуі тиіс.