Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2023 жылға төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 сәуірде аяқталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді.
Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web–порталында және «e–Salyq Azamat» мобильді қосымшасында калькулятордың көмегімен дербес есептеуге болады.
Сонымен қатар, есеп айырысу сальдосын айқындау мақсатында салық органдары жыл сайын тиісті жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты есептейді.
Салықтың есептелген сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы 15 наурыздан кейін «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH–хабарламалар түрінде жіберілетін болады.
Сондай–ақ, салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web–порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай–ақ «e–Salyq Azamat» және «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ екінші деңгейдегі банктерінің мобильді қосымшаларында жіберілетін болады.
Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары көлік құралдарына салынатын салықтың 2023 жылға есептелген сомаларын көреді және оның төлемін жасай алады.
2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетін болады.
1 АЕК (3450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі.
Берешек тапсырылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда, салық Бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.