Ақтау шағынаудандарын аралайтын арнайы автобусты рамазан айының құрметіне Каспий авто паркі ұсынып отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл қайырымдылық іс Маңғыстау облыстық орталық мешіті имамдарының өтініш білдіруімен жүзеге асқан.
«Қаланың төменгі шағынаудандарында мешіт болмауына байланысты , біз төменгі шағынаудандардан келетін адамдарға жеңілдік жасағымыз келді. Автобус 26 шағынаудандағы орталық мешіттен шығып, 14 шағынауданға, әрі қарай 9 шағын ауданнан төмен 2,1 шағынаудандарға қарай жүреді» дейді мешіт имамы Іздібай Бегенұлы.