Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №2 Ақтау қалалық емханасының дәрігерлері Ұлы Отан соғысы ардагері Василий Салазкиннің үйіне барып, 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтады. Сонымен қатар ақ халаттылар ардагерге профилактикалық және диагностикалық тексеру жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Салазкиннің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесі мен жүрек соғысы бірқалыпты. Ардагер дене әлсіздігіне, бас айналуына, көз көруінің нашарлауына шағымданды. Денсаулық жағдайы тексеріліп, үй жағдайында стационарлық ем тағайындалды,-деді №2 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Рахым Андабек.
Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысында көзі тірі Ұлы Отан соғысының екі ардагері тұрады. Олар —97 жастағы Василий Салазкин және 97 жастағы Ольга Заривняк.