Ақтауда «Компания Строй Инвест 2020» ЖШС жұмысшылары 7 мамыр күні автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда:
-№12 автомобиль жолы, «Евразия» банк маңы;
-№22 және №25 автомобиль жолының қиылысы, «Олжа» с/о маңы;
-№1 автомобиль жолы, 12 ш/а 59 үйдің маңы;
-№22 автомобиль жолы, 31Б ш/а 15 үйдің алды;
- 17 шағынаудан «Халық арена»;
- 16 шағын аудан, «Инара» ТҮК-нің маңы;
-32Б ш/а, 15 үйінің маңы;
- №29 автомобиль жолы, Хазар базары.
Бұл жұмыстарға 1 жауапты шебер, 8 жол жұмысшы, 3 жүргізуші, 1 бойлер, 2 газель, 7 мотопомпа жұмылдырылды. Автомобиль жолдарынан 65 м3 су алынды. Су алу жұмыстары жалғасып жатыр.