Ақтауда теңіз жағасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6656 әскери бөлімінің әскери оркестрі өнер көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Концертте негізінен патриоттық әндер шырқалды. Атап айтқанда, «Жаса, Қазақстан», «Батырлар ұраны», «Марш поппури», «Алға, қазақ жігіттері» шығармасы орындалды.
- Концерттің негізгі мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Шарада оркестрдің сүйемелдеуімен 20-ға жуық ән орындалды. Бұл шара дәстүрлі түрде апта сайын теңіз жағасында ұйымдастырылады, - деді әскери оркестрдің дирижері Аслан Мұқан.