“AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты "Ыбықты сай" шатқалына барып, қоқыстарын жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мұнайлы ауданына қарасты "Ыбықты сайға" келуші қатары көп. Алайда табиғатты ластап, вандалдық әрекет жасайтындар тыйылмай жатыр. Осы орайда “AMANAT” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанатының төрағасы Абзал Марат туған өлкеге, тарихи орындарға құрметпен қарауға шақырып, мәдениет табиғатты аялаудан басталатынын атап өтті.
Сондай-ақ жастар Қараман атаға барды.
- Атаға құрмет - олардың рухына жасалған дұға. Қараман атаға арналған мешіттің тазалығы мен тәртібін бақылап, қонақтардың ықыласына бөленіп жүрген Сәуле қажы жастардың талаптарын қолдап, ақ батасын берді. Бес рет қажылыққа барып, киелі мекенге келушілерге жағдай жасап отырған Сәуле қажы Меккеден келген сыйлықтарын табыстап, жастардың жұмысына толағай табыс тіледі, - деді Абзал Марат.