31 қазан күні сағат 13:34 шамасында 102 кезекші пультіне 5,6,8,7 шағын аудандар қиылысында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық жол полициясына сілтеме жасап.
Kia Sportage көлігінің жүргізушісі бағдаршамда солға бұрылып, қарсы келе жатқан Лада-21705 көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Салдарынан Lada көлігі 5ш/а-дағы жаяу жүргіншілер жолағына шығып кетіп, ағашқа соғылды.
Апат салдарынан кінәлі жүргізуші облыстық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң үйіне шығарылды.
Kia Sportage көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер айып тұрағына қойылған.