Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 1-3 қараша аралығында Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келуді жоспарлап отыр. Ол "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан ғимараттардың, ауылдық елді мекендердегі медициналық объектілердің және облыс орталығының жұмысымен танысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Министрдің бағдарламасында Маңғыстау аудандық ауруханасына бару, сол жерде аудан орталығында жергілікті тұрғындармен және азаматтық белсенділермен кездесулер өткізу жоспарланған.
Келесі күні Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына бару жоспарлануда. Содан кейін ҮЕҰ, қоғамдық кеңес, депутаттармен кездесу өтеді. Министр брифинг барысында азаматтарды жеке қабылдап, өңірлік және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап береді.