Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылдың 12 айында халық санының жалпы өсімі 266 739 адамды құрады. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 257,3 мың адамға, көші-қон есебінен – 9 344 адамға өскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау облысында байқалды – 1000 тұрғынға шаққанда 26,78 адам. Үздік үштікте Түркістан облысы (26,11) мен Шымкент қаласы (25,68) тұр.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 033 546 адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 451 004 (өсім 1,9%), ауыл тұрғындары – 7 582 542 адам (өсім 0,3%).
12 айда Қазақстанда 387,9 мың бала дүниеге келді (403,5 мың адам – 2022), оның 200,3 мыңы ұл, 187,6 мыңы қыз бала. Туу көрсеткіші 1000 адамға 19,50 құрады. Осы кезеңде қайтыс болғандар саны 130,6 мың адамды құраса, 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші 6,56-ны құрады.