Ақтауда 5 шағынауданда жаяу жүргіншілер жолағында самокат теуіп жүрген жасөспірімдерді көлік қағып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған оқыс оқиға туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады. Онда ер және қыз баланың жаяу адамдар жүретін жолақта самокатпен келе жатқаны анық байқалады. Олар жолдан өте бергенде үлкен жолдан бұрылған жол талғамайтын ақ түсті көлік қағып өте шыққан.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ешқандай шағым түспегенін айтты.