Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше екі адам Ақтөбе облысының Шалқар ауданы арқылы Қызылорда облысына 2 көлікпен 9 ақпан күні жолға шыққан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы органдардың іздестіру-құтқару тобы Бейнеу ауданынан Қызылорда облысына бағыт алған 2 адамды іздестірді.
Туыстарының айтуынша, жоғалған адамдар 9 ақпаннан бастап байланысқа шықпаған.
Екі азамат бүгін сағат 13:20-да байланысқа шығып, көліктері балшыққа батқанын хабарлаған. Өз бетінше жақын маңдағы бекетке жеткен.
Іздестіріліп, табылғандар медициналық көмекті қажет етпеген.