Көктемгі әскерге шақыру кезеңінде Маңғыстау облысынан әскер қатарына 500 адам аттанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шақыру бөлімінің бастығы майор Талғат Сарбасовтың айтуынша, әскерлер Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Оралдағы әскери бөлімшелерде Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді.
Жалпы биыл көктемде 500 адам әскерге аттануы керек. Ал күзде 600 сарбаз әскерге шақырылады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА