Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаров іссапары аясында Түпқараған ауданына келіп, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бекбол Тілеумұратұлы қазіргі таңда Сенат депутаттарының негізгі міндеттері мен мақсаттарын және қазір уақытта атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе, өзекті мәселелерге тоқталды. Оның қатарында, инфақұрылым, жұмыссыздық, шағын және орта бизнесті дамыту мен өзге де мәселелерге назар аударды. Сонымен бірге мәслихат депутаттарының жұмысы, оның халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысы және қоғамдық бақылау жұмыстары туралы айтылды.
Аудан әкімі Рахат Елтизаров бүгінде аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстардағы негізгі мәселелерін айтып, оның себеп-салдарына тоқталды.
Одан бөлек, облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Адеков кәсіпкерлік бағытындағы және жастар тәрбиесі және тағы да басқа мәселелерді айтып өтті.
Облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев қазіргі өзгерістердің оң шешімін айта келе, депутаттарды барлық жұмыстарда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Жиынға Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров, Маңғыстау облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, Түпқараған ауданынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Нұрлыбек Адеков, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.