Жыл басынан бері аймақта ерте жүктіліктің 60-қа жуық фактісі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кәмелетке толмай жүкті болған қыздардың саны 2% - ға өсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты mangystautv.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірде 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған қыз тұрады. Сарапшылардың айтуынша олардың көбі жыныстық өмірді 13 жасынан бастайды.
- Ерте жүктілік бойынша Маңғыстау облысы Қазақстанда бірінші орында. Өткен жылы аймақта 6 айда кәмелетке толмаған 44 жүкті қыз болған. Биыл жыл басынан бері 57 жасөспірім жүкті болды, - деп хабарлады облыстың штаттан тыс балалар гинекологы Айжан Әліпанова.