Ақтауда “Алтын алқа” иегері Маржан Құдайбергенқызы 6 баласымен келіп, дауыс берді.
Оның сайлау учаскесі - облыс орталығындағы №15 мектеп-гимназиясы.
Көпбалалы ананың айтуынша, дауыс беруге арнайы ұлттық киім киіп, балаларын алып келген. Бұл арқылы ол балаларына үлгі көрсеткісі келген.
“Мен сайлауға келіп, дауыс беруді азаматтық борышым деп санаймын. Бұл - ең алдымен, балаларымның болашағы үшін. Бүгін 5 қыз, 1 ұлымды ертіп келдім, олар да білсін, көрсін, ел үшін маңызды күнде атмосфераны сезінсін дедім. Бір балам келе алмай қалды”, дейді ол.
Айта кетейік, Ақтауда жалпы саны 83 сайлау учаскесі бар. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.