Бауыржан Сариев Ақтау қаласында 26-шағынаудандағы №43 учаскесінде «Байтақ» жасылдар партиясының атынан байқаушы ретінде тіркелген. Оның айтуынша, дауыс берушілер арасында жастарға қарағанда егде жастағылардың қарасы көп, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Байқаушының пікірінше, өз таңдауын жасауға келген әрбір тұрғын бұл жолғы сайлаудың әділ өтетініне сенім білдірген. Сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық байқалмаған. Керісінше, отбасы мүшелерінің бірі қалмай келіп, естелік фотоға түсіп, жақсы көңіл-күймен дауыс беруде. Сондай-ақ, сайлаушылар еліміздің жарқын болашағына сенім білдіретіндігін жеткізген.
-Сайлау үдерісі қызу өтуде. Саяси науқанның жауапкершілігін түсінген әр адам арнайы келіп өз дауысын беріп жатыр. Бұл көрініс мемлекетіміздің дамуы мен сайлаудың маңызын айқындайды. Сайлауға келген үлкен-кіші бір-бірімен амандасып, хал сұрасып жатыр, - деді Бауыржан Сариев.