1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құрық ауылының тазалығын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге алғысын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Қыстың қытымыр аязында, жаздың аптап ыстығында, аянбай еңбек етіп, ауылдың дамуына зор үлес қосып келесіздер. Еңбектеріңіз әрқашан елене берсін. Отбасыларыңызға амандық тілеймін, мереке құтты болсын! Елдің алғысына бөленіп жүре беріңіздер, - деді аудан басшысы Сымбат Төретаев.
Тазалық саласының қызметкерлеріне мереке аясында ыстық шәй, тәтті тіске басар, гүл шоқтары мен қаржылай сыйлық үлестірілді.
Еңбектері еленіп жатқан қызметкерлер де өз ризашылығын білдірді.