Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновтің айтуынша, өткен жылы шағын аудан іштеріндегі ағаштарды суару бойынша 253 үймен келісім шарт жасалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- Құрметті облыс орталығының тұрғындары!
Соңғы кездері тұрғындар абаттандыру мен көгалдандыруға қатысты өте көп пікірлер айтып жүр, біз барлығын тыңдап, жағдайды жақсартуға тырысамыз, бірақ тұрғындардың қатысуынсыз дұрыс нәтижеге қол жеткізе алмаймыз.
Тұрғындарды өз аулаларын көгалдандыруға тарту тәжірибесін жалғастырғымыз келеді. Қаланы көркейтуге, тазалыққа, жасылдандыруға болады, бұл тек бірлескен күш-жігермен ғана мүмкін, – деді қала басшысы.
Үй маңындағы аумақтарды суарумен айналысқысы келетін тұрғындар үшін әкімдік жағдай жасауға дайын: суаруға арналған құбыр жүргізу, жалақы төлеу