Бұл жыл сайын өткізілетін химия пәні бойынша екінші беделді олимпиада. Ұйымдастыру комитеті олимпиаданы 1 мамырдан 6 мамырға дейін Қазақстан астанасында өткізу туралы шешім қабылдады. Менделеев олимпиадасына қатысуды қазірдің өзінде 20-дан астам елдің командалары растады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚазҰУ базасында өткен біліктілік емтихандарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының сапында еліміздің намысын қорғайтын Білім-Инновация лицейлерінің 8 оқушысы болады. Олардың тең жартысы Ақтаудан баратын мектеп оқушылары:
1. Мұғалім Әліби, 10, Ақтау БИЛ
2. Мамырбеков Бекболат, 11, Өскемен БИЛ
3. Қоршыбек Диас, 10, Тараз БИЛ
4. Молдағұл Әділжан, 10, Ақтау БИЛ
5. Жақсылық Шәкір, 10, Ақтау БИЛ
6. Смет Әлихан, 11, Астана қаласы БИЛ
7. Ғабдолла Райымбек, 9, Ақтау БИЛ
8. Ким Мәриям, 9 жаста, Алматы қаласындағы қыздар лицейі.