Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласындағы қатты қалдықтарды сақтайтын орын басқа жерге көшірілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін аудан әкімінің халықпен кездесуінде тұрғындар тарапынан полигонды көшіру мәселесі бірнеше мәрте көтерілген болатын.
Бүгінгі таңда ескі полигонға тұрмыстық қатты қалдықтарды төгу тоқтатылып, қоқыстар жаңа орынға жеткізілуде.
Жаңа полигон Форт-Шевченко қаласының солтүстік бағытында шамамен 4,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Айта кетейік, ескі полигонға рекультивация жұмыстары жүргізілу үстінде.