Тірек қимылы аппараты зақымдалған мүгедек ерлер арасында 107 кг салмақ дәрежесінде ел рекордын жаңартқан Ғани Есентеміров бүгін ерте тұрып, тіркелген сайлау учаскесіне келді. Ол өз таңдауын №29 орта мектепте орналасқан учаскеде жасады.
«Президент сайлауы - еліміз үшін маңызды күн. Дауыс беру - менің азаматтық борышым деп білемін. Еліміз өркендей берсін. Көк туымыз әлемдік ареналарда желбіреуі үшін мен де аянып қалмаймын»,-деді ҚР пауэрлифтинг бойынша халықаралық санаттағы пара спорт шебері Ғани Есентеміров.