Қарақия — шекаралы аумақ, әр ауылында әскери қызметкерлер, отан қорғаушы сарбаздары бар. Олар да бүгінгі сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Құрықтағы 145 сайлау учаскесіне «Жыланды» шекара бөлімшесінен, Жағалау күзетінің бірінші оқу дивизоны оқу орталығынан және «Абай» маневрлік базасынан сардарлар мен сарбаздар келіп, жаңа Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берді.
Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар мен қызметтегі сардарлардың саяси науқанға қатысуына толық мүмкіндік жасалған. Олар сайлау учаскесіне сап түзеп келіп, салтанатты түрде таңдау жасап қайтты. Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын!