Таңертеңгі сағат 7-де Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №77 мекемесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу үшін № 39 сайлау учаскесі ашылды.
Тергеу изоляторындағы сайлау учаскесі барлық қажеттілікпен жабдықталған. Дауыс беруге арналған жәшіктер мен кабиналар, сондай-ақ кеңсе керек-жарақтары берілген.
"Сот үкімі заңды күшіне енбегендер және тергеу үшін қамауға алынғандар дауыс берді. Біз сайлауға дайындалдық. Бүкіл процесс бір жарым сағатқа созылды. Өздеріңіз білесіздер, бізде күні бойы дауыс беретін адамдар көп емес. Біздің қызметкерлерге келетін болсақ, олар да өз учаскелерінде 100% дауыс берді", - деді №77 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Есболат Аглепесұлы.