Оқиға 8 қараша күні сағат 22:00 шамасында болған. 102 кезекші пунктіне 11 шағынаудандағы 42 үйдің жанында жолда әйелді қағып кеткені туралы қоңырау түсті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Toyota Rav4 жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.
82 жастағы әйел ауруханаға жеткізіліп, кейін есін жимай көз жұмды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен Ақтау қаласы ППБ-на тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соттың рұқсатымен Toyota Rav4 көлігінің 30 жастағы жүргізушісі 2 ай мерзімге қамауға алынды.