Автокөлік иелеріне қысқа дайындық дөңгелек ауыстырудан басталады. Көлік тізгендендер 1 желтоқсанға дейін автомобиль дөңгелегін ауыстырып үлгеру керек, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Автокөлік құралында қысқы дөңгелек болмаған жағдайда өз көлігін қысқа дайындамаған жүргізушілер үшін айыппұлдың ең аз мөлшері 5 АЕК - 17 250 теңгені құрайды. Қайталанған жағдайда автокөлік иесі 10 АЕК яғни, 34 500 теңге төлейді, - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда полиция қызметкерлері көлік құралын тоқтатып, мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы.