Түркияның ең ірі әуежайлары қатарына кіретін Анкара, Измир, Бодрум мен Даламанда Қазақстанның Көрікті табиғаты таныстырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әуежайларда Астана қаласы, Іле - Алатауы мен Тарбағатай таулары, киелі Түркістан, Бурабай, Шарын шатқалы, Көлсай көлдері және Бозжыраның көркем суреттері түрік және өзге де шетел туристерінің назарына ұсынылды.
Айта кетейік, аталған 4 әуежайдың жылдық жолаушы тасымалдау көлемі 27 миллион адам. Оның 11 миллионы 20 елден келетін шетелдік туристер.