Бейнеудегі №121 сайлау учаскесінде халықтың дауыс беруі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Молдахан Малбасов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
№121 сайлау учаскесінде 2 394 сайлаушы бар. Жарты сағаттың ішінде 25 сайлаушы таңдауын жасады.
- Халықтың сайлауда белсенділігі өте жоғары. Қазіргі таңның өзінде 25 сайлаушымыз келіп, даусын берді. Аудан әкіміне үміткер үш кандидатымыз бар. Сайлау учаскесінде екі сенімді өкіл, екі байқаушы бар. Қазір сайлау барысын қадағалап, бақылап отыр, - дейді №121 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Молдахан Малбасов.
Ауданда барлығы 30 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Дауыс беру сағат 20:00 дейін жалғасады.