Бүгін, 5 қараша күні елімізде тұңғыш рет 42 аудан және облыстық маңызы бар 3 қаланың әкімін сайлау өтіп жатыр. Бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асуда. Әкімдері сайланғалы отырған 42 ауданның біреуі Маңғыстау облысына тиесілі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бейнеу ауданында орналасқан сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Алдымен мемлекеттік әнұран орындалды. Ауданда барлығы 30 сайлау учаскесі бар. Оның 17-і - Бейнеуде, қалған 13-і - ауылдық жерде.
Комиссия құрамына 188 адам тартылған. Аудан бойынша 40 134 адам дауыс беру құқығына ие.